Сенбі, 04 мамыр, 07:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

3 шілдеге арналған жұлдыз-жорамал

03.07.2023

314 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Ескі досыңызға кенеттен тосынсый жасау үшін жақсы күн. Достығыңызды қалай бағалайтыныңызды көрсетіп, жақын адамыңызды қуантыңыз. Достармен араласу үшін таптырмас күн. Жақындарыңызға күніңізді арнаңыз. Араласпай кеткен достарыңызбен қарым-қатынасты жандандыруға уақыт бөліңіз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге ұнайтын зат сатып алып, өзіңізді қуантыңыз. Киім не иіссу алуға болады. Үй шаруасын кейінге қалдырмаңыз, кейін оларға уақытыңыз да, қалауыңыз да болмауы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Кішкене романтика қосыңыз: кешке сүйіктіңізбен әдемі жерде серуендеңіз, дәмді кешкі ас үстінде шын жүректен әңгімелесіңіз. Жақындарыңызды жақсы ниетпен сынасаңыз да, сынды барынша сыпайы түрде жеткізіңіз, шектен шықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Мәселе күрделене түсіп, бюджетіңіз үшін салмақ салатындай деңгейге жетпей тұрғанда, көлігіңізге жөндеу жүргізгеніңіз абзал. Бүгін жұмыста басталған қарым-қатынастар сезімге ұласуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақын достардың кеңесіне құлақ асу өте маңызды. Сізге қамқорлық жасайтын адамдарға сенуден қорықпаңыз. Сүйіктіңізден бөлек, өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысуды әдетке айналдырыңыз. Бұл бір-біріңізге тәуелді болудан және жалығып кетуден сақтайды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздан хабар күтпей-ақ, өзіңіз оларға хабаласыңыз. Бұл достығыңызды берік етеді. Достарыңызға жиі жазып, хабарласып тұрыңыз. Жас келген сайын достықты сақтап қалу да қиынға соғады. Бірақ жақсы адамдар өмір бойы бір-бірін қолдауға дайын екенін ұмытпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Кез келген арманды шындыққа айналдыру қажет. Жасқа байланысты өзгерістер туралы аз алаңдауға тырысыңыз: олар мүлдем табиғи, оларда ұят немесе жағымсыз ештеңе жоқ. Есіңізде болсын, сұлулықтың «жас» стандарттары тек пайда табуға бағытталған.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Киім дүкендеріндегі жеңілдіктерге алданып қалмаңыз: бүгін сіз кейін өкінетін импульсивті сатып алу жасауыңыз әбден мүмкін. Жаңа адамдармен танысып, олармен дос болып кетуіңіз мүмкін. Өтініш айтып келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз жұмыс істеп жүрген компания көптен бері көңіліңізден шықпай жүрсе – бүгін бос жұмыс орнын іздеуге тамаша күн, жаңа жұмыс табу ықтималдығы жоғары. «Күніне міндетті түрде жасалуға тиіс 10 000 қадам» туралы ұмытыңыз. Тіпті күнделікті қысқа серуендер сіздің денсаулығыңызға оң әсерін береді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Арқадағы ауырсынудың себебін білу үшін хирургқа барыңыз. Сізге массаж, су процедуралары секілді бірқатар ем түрі қажет болуы да мүмкін. Демалып, сергіп алыңыз. Тіпті ең қиын, жағымсыз істерді кейінге қалдырмаңыз. Ішкі түйсігіңіз оларды тез шешу жолын көрсетіп береді. Ақшаға абай болыңыз, себебі сіз сәтсіз саудаға тап болуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Диета ұстағыңыз келсе – бүгін бұл үшін оңтайлы уақыт емес, зиянды тағамға қайта әуестеніп, өзіңізді сол үшін кінәлі сезінетін боласыз. Балаларыңыз бөлмесін таза ұстай алмаса, оларды ынталандыру үшін түрлі тәсілдер пайдаланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады. Егер тәттілерден бас тарта алмасаңыз, оны ең болмаса пайдалы десертпен алмастырыңыз. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен сымбатыңызға оң әсер етеді.

ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2026906-bugingi-zuldyz-zoramal-3-silde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: