Жұма, 29 наурыз, 12:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Абай болыңыз! Жаңа жылда алаяқтар қандай қулықтарға барады?

29.12.2022

405 0

Әдетте, қаскүнемдер жаңа жыл қарсаңында белсенді бола бастайды. Мысалы, олар танымал онлайн-дүкендердің парақшаларына ұқсатып жалған аккаунт жасап, жаңа фишинг сайт құрады, – деп хабарлайды fingramota.kz.

Алаяқтар қандай қулықтарға барады? 

Алаяқтар сатып алушыларды көбінесе үлкен «мерекелік жеңілдіктермен», акциялармен, сыйлықтармен қызықтырады. Желіде тарататын жарнамаларында, сондай-ақ электрон пошта мен мессенджерлер арқылы алаяқтар «Жаппай сатылым», «90 пайызға дейін жеңілдік», «Бұрын-соңды болмаған ұсыныс», «Ескі жылдағы мүмкіндік» деген сөздерді қолданады. Алаяқтар ресурстарында «акцияның» аяқталуына дейін қалған уақытты көрсететін түрлі есептегіштерді жиі қолданады.

Алаяқтардың «сататын» тауарларының ішінде – шыршалар, жаңажылдық атрибутика, электртехникасы, киім-кешек, аяқкиім, тағамға белсенді қоспалар және тағы басқа көп тауар бар.

Тұтынушылардың сеніміне кіру үшін қаскүнемдер танымал әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беріп, парақшасын белсенді жүргізеді. Шын мәнісінде, алаяқтар ештеңе «сатпайды», олардың мақсаты – өздерінің әлеуетті құрбандарының дербес және төлем деректеріне ие болу.

Алданып қалмаңыз

Қызығушылық танытқан сатып алушылар онлайн тапсырыс беру туралы шешім қабылдап, фишинг бетке түседі. Егер олар таңдаған тауарларына ақы төлеу үшін өз карточкаларының деректерін енгізсе, алаяқтар олардан барлық ақшаны есебінен шешіп алады.

Есіңізде болсын! Банк картасының артқы жағындағы үш таңбалы код және қолданыс мерзімі, толық дерек – бұл құпия мәліметтер және оларды алаяқтарға өз еркімен бергеніңіз ақшаңызды қайтару мүмкін емес дегенді білдіреді.

Онлайн-сауда жасамас бұрын, киберқауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажет, алаяқтардың психологиялық айла-шарғыларына берілмеу керек.

Бірінші кезекте, мекенжай жолағында сайттың атауын мұқият тексеріңіз. Егер сізге танымал брендтен e-mail поштаға немесе SMS-хабарлама арқылы тартымды ұсыныс келіп түссе, сізге жіберілген сілтемеге өтпеңіз.

Онлайн-шопинг жасамас бұрын сайттың шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз. Компанияның ресми сайтын қолмен теріп, сенім телефонына қоңырау шалып, қолданыстағы сатылымдар немесе ұтыс жүлделер жөніндегі ақпаратты нақтылағаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, тек интернетте сатып алуларға арналған жеке карта ресімдеп алғаныңыз дұрыс болады.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтық 
Қаскүнемдер заманауи технологияларды қолданады. Егер сіз күмәнді сілтеме бойынша өтіп, фишинг бетке кірсеңіз, бірақ оны дер кезінде жауып үлгерсеңіз де, сіздің IP-іңіз сақталып қалады. Немесе егер сіздің байланыс деректеріңіз алаяқ ресурстарда қалып кетсе, бейтаныс адамдардың қоңырауларына дайын болыңыз, олар өздерін қызықтыратын ақпаратты алу үшін түрлі сылтаулар іздейді.

Алаяқтар өздерін дүкендердің, банктердің, құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

Өз қаражатын сақтау үшін алаяқтар, әдетте, азаматтарға ақшаны «қауіпсіз» шотқа аударуды ұсынады. Бұл ретте алаяқтар өз құрбандарына ақпаратты тексеруге және ойлануға уақыт бермейді. Шешім дәл осы жерде және қазір қабылдануы керек. Егер сіз дереу ақша аудармасаңыз немесе карта дерегін айтпасаңыз, онда шоттағы ақша жоғалады, сыйлық басқаға беріледі немесе қаржы ұйымының ұсынысы өзектілігін жоғалтады.

Есіңізде болсын! Банктер ешқашан телефон арқылы клиенттердің төлем карталарының деректерін сұрамайды. Банктерде қызметкерлердің іс-қимыл регламенті бар, оған сәйкес олар ешқашан мұндай мәселелер бойынша өз клиенттеріне бірінші болып қоңырау шалмайды.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: