Арал ауданында «Ғасырлар тоғысындағы дарабоздар» шарасы аясында Ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 250 жыл толу мерейтойына арналған «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтуде.
Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филилогия факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Қосанов, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Н.Көбегенұлы, тарихшы-өлкетанушы Б.Қуатов, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысуда.
Ғылыми-танымдық шараны облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы ашты. Сонымен қатар «Қазақ тарихындағы батырлар институты және Жанқожа батыр» тақырыбында Берекет Бақытжанұлы, «Жанқожа батыр» жырының нұсқалары туралы» Серікбай Қылышбайұлы, «Бекмырза – Жанқожа батыр серігі» тақырыбында баяндама жасаса, «Жанқожа батыр туралы тарихи өлең жырлардың жаңғырығы және өміршеңдігі» жөнінде Нұрлан Көбегенұлы сөз қозғайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!