Жұма, 19 сәуiр, 10:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 8 ақпан күні сізді не күтіп тұр?

08.02.2023

1008 0

Сурет: Pixabay.com

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Досыңызға бергіңіз келетін кез келген тікелей кеңесті алдымен өзіңіз орындап көріңіз. Егер сіз мұндай кеңесті орындамақ түгілі, өзгеден естуді қаламайтын болсаңыз, бұл кеңесті досыңызға да айтпағаныңыз абзал. Сіз оған бұл кеңесіңізбен көмектеспейсіз, тек зиян келтіресіз. Бүгін болашақта романтикалық қарым-қатынасқа ұласа алатын таныстықтар болуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін балаларыңызға қаталдық танытпаңыз. Бұл олардың сізге деген көзқарасына жақсы әсер етпейді. Бүгін сүйіктіңізбен жанжалдасу қаупі бар. Жанжал туындаған жағдайда, серіктесіңізге тыныштық пен эмоциялардан арылуға уақыт беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Күнделікті ас мәзіріңізге мән беріңіз: сіз ақуызды тым аз немесе көмірсуды көп қолданып қоюыңыз мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға зиян. Балаларыңыздың этикалық дамуына мән беріңіз, фильмдер мен телехикаяларды талқылауға тырысыңыз. Кейіпкерлердің қылықтары мен мінезіне тоқталып, бірге баға беріңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сапалы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, жұмыста болмашы сәттерді де мұқият талдау керек. Асқазаныңызды күтіңіз: артық тамақтанбаңыз, қуырылған тағамдар мен консервілерге алданып қалмаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Негативті эмоцияларды сыртқа шығарып отырыңыз: жүректі елжірететін фильмдер тамашалап, әбден жылап алыңыз. Содан кейін едәуір жеңілдеп қаласыз және алдағы күндеріңіздің шуақты болуына ендігі көңіл-күйдің болмауы кері әсер етпейтін болады. Егер сіз ұзақ уақыт бойы досыңыздың сізге айтқан сөздеріне немесе әрекетіне ренжіген болсаңыз, мәселені шешудің уақыты келді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер жұмыс орныңыз ұнамай жүрсе, жаңа жұмыс іздеудің уақыты келді. Қарым-қатынаста барлық жауапкершілікті серіктесіңізге артпаңыз. Жағымды тосынсый дайындаңыз, араңыз суып кетпеуі үшін қолдан келгенді аямаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жалғызбастыларға бүгін танысу қосымшаларын жүктеп алуға кеңес береміз. Өз құндылықтарыңыз бен сүйікті ісіңізді көрсетіңіз. Кешке күйзеліс тудыратын жағдайлардан аулақ болыңыз, көбірек демалыңыз. Сіз қатты шаршағаныңызды сезінуіңіз мүмкін, бірақ тез қалпыңызға келесіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Басқаларға мұқият болыңыз, сонда күн жақсы өтеді. Қақтығыстардан аулақ болыңыз, басқалардың көзқарасын құрметтеңіз және жақын адамдарыңызға көңіл бөліңіз. Жоспарлы тексеруге уақыт бөліңіз, бұл денсаулыққа қатысты елеулі проблемаларды болдырмаудың алдын алады.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Жұмыс компьютерінен қажет емес файлдарды жою ережесін қалыптастырыңыз және оларды ешқашан мағынасыз атаумен сақтамаңыз. Бұл сіздің жұмысыңызды біршама жеңілдетеді. Ыдыс жуғаннан кейін шұңғылшаны тазартып отыруды ұмытпаңыз. Бұл асүйіңіздің таза әрі әдемі болуына септігін тигізеді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін екінші жартыңызбен ойда-жоқта кездесу өткізуге арналған таптырмас күн. Әлі бармаған мейрамханаға барып, ерекше орындарды іздеп көріңіз. Таңғы уақытта барынша белсенді болыңыз: өзіңізді қызықтыруы мүмкін іспен айналысыңыз, адамдармен әңгімелесіңіз, кездесуге барыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Бүгінгі күні өзіңізді басқалармен салыстырмаңыз. Мақсаттарыңызға жету үшін барлығын жасаңыз және өзіңізден мүмкін емес нәрсені талап етпеңіз. Аяқ-киім мен сөмкелеріңізді түгендеңіз, олардың кейбірін жөндеу қажет болуы мүмкін. Қазірден бастап бұл мәселені шешіп қойсаңыз, қажет болған сәтте қиындықтар туындамайды.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бірсарынды міндеттерді кейінге қалдырып, шығармашылықпен айналысыңыз. Түскі ас пен кофе ішу үшін үзіліс жасаңыз, сонда күніңіз пайдалы өтеді. Қызық болсын – өз қолыңызбен кішкене болса да қолөнер бұйымын жасап көріңіз, мүмкін сізде өзіңіз білмейтін қабілет бар шығар.

Дереккөз: НҰР.КЗ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: