Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігер құрманың адам ағзасына тигізетін пайдасын айтып берді

17.11.2024

407 0

Гастроэнтеролог Кэтрин Кашух құрманың пайдасын айтып, оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің адам ағзасына қалай көмектесетінін айтты.Бұл туралы Life.ru басылымы хабарлайды. 

Маманның айтуынша, құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ көру қабілетін сақтауға көмектесетін каротиндер бар.

“Сонымен қатар, бұл жемісте C, P және B дәрумендері, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний бар. Құрмада ас қорытуды жақсартатын талшықтар да кездеседі”, – деп қосты дәрігер.

Маман дегенмен қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек екенін түсіндірді. Себебі бұл қандағы қанттың күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршіп тұрған адамдарға да құрма жер кезде абай болған жөн. Себебі оның құрамындағы таниндердің көп болуы асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: