Дүйсенбі, 06 мамыр, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Конституциясы жоқ елдер қалай өмір сүреді?

21.12.2022

638 0

Конституция жоғары заңдық күшке ие және барлық маңызды құқықтық нормаларды реттейтін негізгі мемлекеттік заң. Әлемнің барлық дерлік елдерінде бұл заң болғанымен, бірақ конституциясы жоқ мемлекеттер де бар екен.

Әлемде мұндай жеті ел бар. Бұлар:

  1. Ұлыбритания
  2. Канада
  3. Жаңа Зеландия
  4. Швеция
  5. Сан-Марино
  6. Израиль
  7. Ливия

Нақтырақ айтсақ, бұл елдердің кодификацияланбаған конституциясы бар. Кодификацияланбаған конституция  – бұл нақты доктриналардың, құқықтық әдет-ғұрыптардың және сот прецеденттерінің жиынтығы.

Ал қарапайым конституция кодификацияланған. Оның айрықша ерекшелігі – аудан, облыс және федерациялардың аймақтық заңдарына қарамастан республиканың барлық аумағында бірдей басымдыққа ие болуы.

Дүние жүзіндегі ең көне конституция 1787 жылы Америка Құрама Штаттарында қабылданған және ол бар болғаны 27 өзгерту енгізілген.

Неліктен Англияда конституция жоқ?

Оның орнын ежелгі заңдар, сот тәжірибесі және кейбір конституциялық келісімдер басқан. Олардың ең үлкені рыцарьлық кезінде қабылданғанына қарамастан, британдықтар бұл заңды құрметтейді. Бұл түрдегі ең көне құжаттар ХVІІ ғасырдағы Құқықтар туралы Билл және ІV ғасырдағы «Ұлы азаттық картасы.

Израиль. Діни және зайырлы көзқарастар

Қазіргі уақытта бұл елде он екі негізгі заң қабылданды, олардың мазмұны болашақ конституцияның маңызды бөлігін құрауы мүмкін. Израиль қоғамының зайырлы және діни бөліктері арасындағы келіспеушіліктер оларға конституцияның біртұтас мәтінін жасауға кедергі жасайды. Қарым-қатынастың белгісіздігі бұл мәселені кейінге қалдырды.

Әлемдегі ең үлкен конституция

Үндістан мемлекетінің конституциясы әлемдегі ең үлкен болып саналады, ол 12 бөлімнен, 448 баптан, және 103 тараудан тұрады. Ағылшын тілінде жазылған негізгі мемлекеттік кітаптың ресми хинди тіліндегі аудармасы да бар. Үндістан Конституциясы ең тұрақты – ол ешқашан өзгерген емес.

Ең бейбіт конституция

Жапонияның конституциясы 1947 жылы ел Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырап, атом бомбасынан кейін жасалған. Сондықтан бас кітапта елдің дауларды күшпен шешуден бас тартуына ерекше тоқталған.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/75535/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: