Жұма, 10 мамыр, 13:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Қасиетіңді мен қалай аттап өтем…» Қызылодада сотталған азамат анасына өлең арнады

08.09.2023

247 0

Анама

Самал жел Ақтөбе жақтан есті ме екен?

Ойлансам ой салады, ескі мекен.

Ақтөбе Жаппас елі жайлаған жер,

Есіне адамдардың түсті ме екен?

Ендеше мен айтайын көңіл-сырды,

Аралап өмір-өзен, қыр-өңірді.

Назгүлдің баласы, Асқар әкем,

Арнайын жан-анама өлең жырды.

Тәжен, Мұрат, Нұрбектей жүйрік мініп,

Алдына адам шықпас аң аулауда.

«Бесік құда» болыпты уәделесіп,

Қызығы таусылмаған бір жайлауда.

Бойжеткен Назгүл анам сыланады,

Інжу белдік беліне қыналады.

Асқар Мұраттың баласында,

Туысқанның алдында сыналады.

Ай мен Күн сұлулыққа таласады,

Қос ғашық бір-біріне жарасады.

Назгүл Асқарға ұзатылып,

Ұлан-асыр той болып тарасады.

Назгүл келін болды назыменен,

Сыңсу айтқан, аққу-қаз сазыменен

Жас даурен балалығын артқа тастап,

Қауышты өмірінің балыменен.

Дүниеге ұл-қыз келді мәпелеген,

Ана деп, ардақ тұтып әкелеген.

Күйеуінен айырылған анамды көрдім,

Балаларын өсіріп, жетелеген.

Қимады ма, әкемді қиналды ма?

Кете барды, Ол-дағы жиналды да.

Қол ұстасып өмірге аттанып еді,

О дүниеде бір болды иманы да.

Салт-дәстүрін қазақтың жаттап өткен,

Назгүлдей анамды мақтан етем.

«Шәй» деспеген әкемнің тірісінде,

Қасиетіңді мен қалай аттап өтем?!

 Авторы №68 тергеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан

                  Н есімді азамат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: