Жұма, 27 желтоқсан, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтардың шығыны неге табысынан көп – Мамандар жауап берді

05.06.2023

629 0

Қазақстанның алты облысында тұрғындардың табысынан шығыны көп. Экономистер бұл кереғар жағдайдың несиеге байланысты туындауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Экономист Арман Байғанов халықтың ақшасы қолжетімді несиелердің арқасында ол қолында уақытқа тұрмайтынын алға тартты.

“Кейбір өңірлерде халықтың табысынан шығыны көп. Оның басты себебі тұтынушылық несиеге байланысты. Яғни, халықтың қаржылық мүмкіндігі жеткіліксіз. Сәйкесінше, шығыстар банктер мен микроқаржы ұйымдарының несиелері есебінен өседі. Қаржы дағдарысы, сондай-ақ жоғары инфляция кезінде халықтың қарыз жүктемесі үнемі артып отырады”,- деді экономист.

Ал Finprom.kz мамандары Алматы облысында тұрғындардың шығысы кірісінен әлдеқайда асып түскенін айтады. Олар табысынан 15 пайызға дерлік көп ақша жұмсайды. Дәл осындай жағдай Жетісу өңірінде де бар. Шымкент, Алматы, Түркістан облысының тұрғындарына да тапқан табысы жетпейді.

Дегенмен мамандардың айтуынша халық қарызынан құтыла алатын да аймақтар бар. Бұл елдің батыс. Олар керісінше, жұмсағаннан 25%-ға артық табыс табады. Бұл үштікке Қостанай облысы мен Астана да кіреді. Айтпақшы, елорда ең көп жалақы алады. Ондағы орташа жалақы 357 мың. Одан кейін Қарағанды ​​және Ұлытау облыстары тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: