Жұма, 11 қазан, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

30 градус аяз болады: Қазақстанда күн күрт суытады

11.03.2021

1330 0

11 наурызда Қазақстанның бірнеше облысында дауыл туралы ескерту жарияланды. Кейбір аймақтарда күн күрт суып, қалың қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты болады, қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-7 градусты көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 25 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысқанда 15-20-ға дейін, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

12 наурызға қараған түні Қарағанды ​​облысында кей жерлерде бұрқасын болады. 12-13 наурыз күні тұман түседі. 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

11-13 наурыз аралығында ауа температурасы 7-12-ден күрт төмендейді, кей жерлере 16 аяз, 22-27, кей жерлерде 30 аяз болады деп күтілуде.

Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады – жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар тұман мен көктайғақ болады. 12-14 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстікке қарай жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін, ал таулы аудандарда секундына 30 метрге дейін жетеді. 13 наурыз күні күндіз ауа температурасы күрт төмендеп 16-21-ден 6-11 градусқа дейін, 3-8 градусқа дейін, 0-5 аязға дейін түседі.

12 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. 12 наурызға қараған түні жел жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының күрт төмендейді. Кей жерлерде 7 градус аяздан, 22-27, кей жерлерде 30 градус аяз болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: