Сейсенбі, 19 наурыз, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Гардеробты реттесең, өмірің өзгерер, сұлуым!

27.01.2021

1726 0

Бір айдан кейін көктем де есік қаққалы тұр. Ал жаңа мезгілге аяқ баспай тұрып, гардеробты ретке келтіріп алсақ, жеріміз кеңіп, өмірімізге өзгеріс енгендей болары анық.

Қазір гардеробты талдау үшін арнайы стилист мамандар жұмыс істеп, көрсеткен қызметіне қалтаңыздан 20-30 мың теңгеңізді қағып алады. Алдымен өз киіміңізге өзіңіз ревизия жүргізіп, артық нәрседен арылып көрсеңіз қайтеді?

Гардеробын қалыпқа келтірген қыздың жеке өмірі де өзінен өзі бір арнаға түседі.

Эвелина Хромченко.

Ең алдымен шкафтағы барлық киімді шығарып аламыз. Ішінен киюге жарамайтын (жыртылған, созылған, үтікке күйген, ескірген) киімдерді сорттап, бір бұрышқа қарай шығарамыз. Жұққан дағы кетпейтін, бұзылған жері қалпына келмейтін киімдерге гардеробымыздан орын жоқ. Ательеге, химиялық тазалауға, аяқ киім жөндейтін жерге апаратын киімді бір жерге жинаңыз. Оны апаратын уақытыңызды нақты белгілеңіз де, сол уақытқа дейін апармасаңыз лақтырыңыз, себебі өңдеуге беретін уақытты соза бергенше бір жұмыстан арылып, миыңыз тынышталады.

Енді тек жақсы киімдер қалғанына көз жеткізсеңіз, ары қарай кеттік. Әр киімді киіп, суретке түсеміз. Сырттан қарағанда қандай болып тұратынын көріңіз. Айна алдында тұрған өзіңізден сұраңыз:

– Бұл киім маған жараса ма, денеме қонымды тұр ма?

– Маған ұнай ма? Өзімді жайлы сезінем бе?

– Сәніме сән қоса ма? Түсі, тігісі, түрі өңімді аша ма?

– Кейінгі жылдары киіп жүрмін бе?

– Қазіргі заманға сай ма? Актуалдығы сақталған ба?

– Мұны кигім келе ме өзі?

– Жай ғана ұмытылмас сәттердің естелігі болғаны үшін сақтап жүрген жоқпын ба?

Бұл сұрақтарға жауап бергенде өзге біреудің көңілі үшін емес, гардеробқа талдауды өзіңіз үшін жасайтыныңыз әрдайым есте тұрсын. Енді осы талапқа сай келмейтін киімді басқа адам қолдануға жарайтындай болса біреуге сатыңыз не сыйлаңыз. 

“Арықтағанда киемін”, “Бала емізгенде, жүкті кезімде киемін” деп сақтайтын киімдеріңізді бөлек қорапқа салып, басқа жерге қойыңыз. Ал мұндай жағдай жақын арада болмайтынын сезіп отырсаңыз, бұл киімдерді де таратып жібергейсіз.

Келесі қадам, үстіге киетін киім мен астыға киетін киімді сорттаңыз. Бір шалбармен не белдемшемен киетін үш жейде, футболка сияқты үстіге киетін киім болғаны абзал. Бір белдемшені алып, оған үйлесетін жейде, кофта, аяқ киім, аксессуар таңдаңыз. Осы образды суретке түсіріңіз. Осы кезде гардеробыңыз толық па, күнделікті киетін бар ма, жоқ па, жаңадан қандай киім сатып алу керек – осыны ұғасыз. Осылай бір ретке келтіріп алған соң келесіде жаңа киім алған сайын бір ескі нәрседен арылып отырыңыз. Сонда “не киемін” деген мәселемен бетпе-бет келмейсіз. 

Болды. Енді қазіргі мезгілде киілетін киімдерді бірден көзге көрінетіндей іліп, бүктеп жинаңыз. Ал басқа мезгілде киетіндерді бөлек бір жерге жинап салып қойыңыз.

Мінеки, түк қиын емес. Барлығының қолынан келетін қарапайым әдісі осы.

Дереккөз: Massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: