Сейсенбі, 19 наурыз, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 11 сәуір

11.04.2021

2475 0

Тоқты

Мансап пен танымалдыққа қол жеткізу үшін сізге талмай жұмыс істеуге керек болады. Бірақ бұл оңай емес, шаршамаңыз.

Торпақ

Өмірдегі позицияңызды сақтап қалу үшін сізге ұқыптылық және шыдамдылық қажет. Жаңа жоспарлар мен жобаларды басқа күні бастаған дұрыс.

Егіздер

Сырт келбетіңізге көңіл бөліңіз. Өміріңізді құпия сақтаңыз және әр ісіңізге ұқыпты болыңыз.

Шаян

Отбасында, жұмыста қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ серіктестермен үлкен проблемалар мен жанжалдар болмайды. Жайсыз қылықтардан аулақ болуыңыз керек.

Арыстан

Сіздің бәсекелестеріңіз бизнесіңіздің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Бүгін күнді қаржылық құжаттарды ретке келтіруге арнаңыз, содан кейін хат-хабарларға назар аударыңыз.

Бикеш

Бүгінгі күніңіз көптеген кездесулерге толы, белсенділігіңіз артады. Қарсыластарыңызды ақылдылығыңызбен таң қалдырасыз.

Таразы

Күннің бірінші жартысында ауырып, әлсіреуіңіз мүмкін. Бірақ аса қорқатын жағдай емес. Денсаулықты нығайту үшін алдын-алу шараларын қолданып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Сарышаян

Қызықты және пайдалы кездесулер болады. Достармен қарым-қатынас жасап, демалу – болашағыңызға сәттілік әкелуі мүмкін.

Мерген

Сіз үшін қиын күн. Қаржылық мәселелерде және жұжаттарға абай болыңыз.

Тауешкі

Тауешкілер өздерінің қабілеттеріне сенімді, өздерін мақтан тұтады. Жұлдыздар бастаған істеріңіздің сәтті болатынын айтады.

Суқұйғыш

Әлеуметтік және көші-қон қызметкерлерін, қонақ үй бизнесін, кеден қызметкерлерін үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүгінгі күні бастамаларыңыз билік тарапынан мақұлданбайды.

Балықтар

Балықтардың өмірінде өзгерістер күтіп тұр. Кедергілер де кездесуі мүмкін. Бірақ алған бетіңізден қайтпаңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: