Сенбі, 27 сәуiр, 17:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қоян жылы сізді не күтіп тұр?

26.12.2022

2010 0

Жаңа жылға дейін санаулы күндер қалды. Мамандардың айтуынша, қоян жылы позитивке толы болмақ. Осы орайда, қоян жылы сіздің өміріңізге не әкелуі мүмкін екеніне тоқталдық, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қара қоян жылы қытай күнтізбесі бойынша тұрақты жыл болмақ. Алдағы жылы көптеген уайым-қайғы артта қалады деп күтілуде. Қоян жылында сізді не күтіп тұр? Әсіресе, қоян жылында туыстық қарым-қатынастар күшейіп, балалы болу, некеге тұру сынды жағымды жайттар жиі орын алады. 2023 жыл үйленуді жоспарлаған жандар үшін өте сәтті болмақ. Себебі қоян жылы махаббат пен сыйластықты одан әрі көбейте түседі. Қоян үнемі достықты қалайтын, кикілжіңдердің шешілуіне тікелей әсер етіп, кейде қарсыластарына жол бере салатын жануар. Сондықтан алдағы жыл тыныш өтеді деген болжам көп. Саяхат және есте қаларлық жарқын оқиғалар. Жаңа жылда позитивті сапарлардан бас тартпаңыз. Махаббат. Биыл екінші жартысын іздеген адамдардың өмірінде көптен күткен оң өзгерістер болады.

Сондай-ақ қара қоян карьералық өсу жолында да өте сәтті болмақ. Өйткені қоян мақсат қойып, өз кәсібінде биікке жетемін деушілерге үнемі жақтасады. 2023 жылды қарай қарсы алу керек? Қара қоян жылын жақындарыңыз бен туыстарыңыздың, отбасыңыздың ортасында қарсы алған дұрыс. Ата-ана, жұбайыңыз бен балаларыңыздың қасында қарсы алудан артық бақыт жоқ. Ал егер алыс сапарда жүріп, жаңа жылды жақындарыңызбен қарсы алу мүмкіндігі болмаса, олардың суреттері мен бірге түскен фотоларыңызды іліп қойған жөн. Мейрамхана мен клубтарда жаңа жылды дүркіретіп тойлағанды ұнататын жандар түнгі 12-де міндетті түрде үйге оралып, мерекені туыстарымен атап өткені дұрыс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: