Сенбі, 21 желтоқсан, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІ

04.11.2020

2438 0

Қыз тәрбиесі қашанда өзектілігін жойған емес. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар. Бүгінде бұл сөз қаншалықты қолданысқа ие? Клуб кезіп, сыра ішіп жүрген қыздар қайдан шықты? Осы және өзге де сұрақтар жастар арасында талқыланды. Байқоңыр қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара ZOOM платформасы арқылы жүзеге асты.

Қыздар арасында кездесетін келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың, ерте жүктіліктің алдын алу, адамгершілік жағынан тәрбиелеу мақсатында сала мамандарын тарта отырып өткізілген конференцияға №274 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Шара барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімшесінің теолог маманы Күнмырза Нұрсұлтан жастармен еркін пікір алмасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: