Бейсенбі, 02 мамыр, 20:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сәуір айына арналған қытай жұлдыз жорамалы

02.04.2024

611 0

Сурет:kaz.nur.kz

Қытай жұлдызнамасы бойынша сәуір жылдың ең маңызды әрі қауіпті айы болып саналады. Сәуірдегі энергия көзі белгі өкілдерінің өміріне әсер ететін көрінеді. Бұл жөнінде астролог Прашант Нигам айтып берді.

Егеуқұйрық

2024 жылдың сәуір айында егеуқұйрықтар күйзелістен арылып, екі есе дами түседі. Бұған солтүстікте бірігетін Ши Ган Лу жұлдыздары әсер етеді. Жұмыста сәттілік, қаржылық жағдай мен жеке өміріңіз қалыпты болады. Егеуқұйрықтардың табиғи интуициясы, сүйкімділігі мен харизмасы табысты іскерлік және жеке қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Бойдақ егеуқұйрықтар романтикалық кездесулерге барады немесе сүйіктісімен қатынасын нығайтады.

Бұқа

Sun Signs астрологиялық басылымының мәліметінше, бұқалар үшін сәуір керемет ай болмақ. Кәсіби мамандар көп жұмыс істеп, жобаларын уақытында аяқтаса, басшылыққа жағымды әсер қалдырады. Қызметте көтерілу және лайықты ақшалай сыйлық болуы мүмкін. Жалғыз жүрген өгіздердің өмірлік жарын тауып, сәби сүю мүмкіндігі жоғары. Ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған жандар ешкім оларға ештеңе міндетті емес екенін есте ұстаған жөн. Денсаулықты дұрыс тамақтану және жаттығу жасау арқылы нығайтуға болады.

Жолбарыс

Жолбарыстардың мансап жолында өрлеу күтеді. The Chinese Zodiac астрологиялық басылымының мәліметінше, сәуірден тамызға дейінгі айлар жұмыс табу үшін қолайсыз, өйткені мақсатыңызға жету жолында кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Өзіңіздің күш-қуатыңыз бен талантыңызды қазіргі жұмысыңызға арнаңыз. Жолбарыстың күш-қуаты азайып, денсаулығы әлсірейді. Бұл аурудың белгісі емес, кармалық сәуірдің әсері болса керек. Ұйқы, сапалы тамақ жеу және эмоцияны бақылау саулығыңыз бен оптимизмді қалпына келтіруге көмектеседі. Сүйіктіңізге сыйлықтар беру арадағы кикілжіңді басуға ықпал етеді.

Қоян

Бұл айдың энергиясы төртінші белгі өкілдері үшін тым белсенді әрі жарқын болады. Әрбір қадам мен шешім жасайтын кезде жақсылап ойланыңыз. Сәуір көптеген мүмкіндік уақыты, оларды жіберіп алмаңыз. Қаржылық жағдай бойынша көптен күткен серпіліс болады. Астролог Прашант Нигамның айтуынша, Қоян отбасылық өмірде қиындықтарға тап болады. Қуанышқа орай, Тай Ян жұлдызы басқа адамдардың қолдау білдіруіне ықпал етеді. Отбасылық кикілжіңді шешу үшін психолог көмегіне жүгініп, ымыраға келу керек. Денсаулығыңыз әжептәуір жақсарады.

Ұлу (Айдаһар)

People журналының ақпаратына сүйенсек, Ұлулар (Айдаһар) жыл бойы өмірін жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Егер сіз бойтұмарға сенсеңіз, феникс тәрізді тұмар тағыңыз. Жоспарлар мен оларды жүзеге асыру стратегиясын жасаңыз. Барлық қажеттілігіңізге қаражат жеткілікті болу үшін бюджетіңізді басқа да жұмыстардан тапқан ақшамен толықтырыңыз. Бас ауруы жұмысқа қабілеттілікті төмендетпейтініне көз жеткізіңіз. Ұйықтар алдында жиі серуендеңіз. Қарым-қатынаста бәрі тұрақты болады. Арақатынасын үзгісі келгендер мұны еш қиындықсыз тез жүзеге асыра алады.

Жылан

Mind Body Green эзотерикалық басылымының мәліметі бойынша Жылан үшін серпін беретін кезең тамыз айында болмақ. Сәуір демалыс кезеңіне айналады. Саяхаттап, талантыңызды ашуға мүмкіндік беретін жаңа орындарды табыңыз. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Өзіңізді жақсы сезінесіз. Сүйіктіңізді қызғанатын сезімді бастан өткеруге тура келеді. Серігіңіз сізге көбірек көңіл бөледі әрі шыдамсыздық танытады. Құмарлықтың артуына мүмкіндік беріңіз, содан кейін тепе-теңдікті қалпына келтіріңіз. Басы бос жылан белгісіндегі адамдардың өз теңін табуға мүмкіндігі мол.

Жылқы

Жылқы үшін сәуір өмірдің барлық бағыты бойынша серпіліс айы болады. Оның белсенді әрекет етуі және шешімді қажет ететін негізгі міндеттерді нақты түсінуі басты шарт болмақ. Жетістік пен бақыт жайдан-жай бола салмайды, бұл – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Астролог Бежан Дарувалланың айтуынша, сәуір айында жалғыз жүрген жылқы белгілерін романтикалық танысу күтіп тұр. Оның денсаулығы жақсы болады. Иммунитетіңізді көтеріп, жүйкеңізді ретке келтіріп, зиянды нәрселерден арылатын кез келді.

Ешкі

Chinese Fortune Calendar астрологиялық басылымының мәліметіне сүйенсек, жыл бойы Ешкіге жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Сәуірде қалаған адамның барлығы жұмыс орнын ауыстыра алады. Түйіндемеңізді жіберіп, басқа нұсқаларды қарап көріңіз. Мансап пен бизнесте жетістікке жету үшін алдыңызға 3-4 негізгі мақсатты қойып, соған көңіл бөліңіз. Денсаулығыңызға назар аударыңыз, өйткені созылмалы аурулар асқынуы мүмкін. Сүйіктіңізбен қатынасыңызды күнделікті күйбең тірлік жақындатады. Сезіміңізді сергіту үшін романтикалық кездесу өткізіңіз. Бойдақ Ешкілердің үйден шығатын уақыты келді.

Мешін

Insta Astro астрологиялық басылымының хабарлауынша, Мешін жыл бойы көтерілу мен құлдырау кезеңдеріне тап болады. Бұл дүниетанымның өзгеруіне әкеледі. Сәуір айында бұл белгінің өкілдері өз мақсатына жету үшін күш-қуатқа ие болады. Жаман ойға берілмеу және мансапқа назар аудару маңызды. Бір орында отырып жұмыс істейтін адамдар ісінумен күресуді бастауы керек. Көбірек қимылдаңыз, билеңіз. Қарым-қатынаста ішіңіз пыспайды. Жақында ғана кездесе бастаған жандар белсенділігімен және талаптарымен сүйіктісін қорқытып алмау үшін оның болмысына қарай бейімделуі керек.

Қораз

Қораз үшін сәуір жарқын, белсенді және өнімді кезең болады. Бұл сіздің мансабыңызға сәттілік әкеледі, бірақ қызғаныш пен өшпенділіктің пайда болуы да ғажап емес. Сенім мен еркіндік сізге мұндай жайсыз қасиеттермен күресуге көмектеседі. Ай соңына қарай Қораздар ішкі мықтылығын сезінеді. Қаржылық жағдай шығындарды бақылауды қажет етеді. Қарым-қатынаста Қораз бастама көтеру арқылы серігін ортақ мақсаттарға жетелеуі керек. Әлі де бойдақ боп жүргендер белсенділік танытып, адамдармен танысып, қыдырады. Кез келген косметологиялық процедуралар мен оталар сәтті өтеді.

Ит

Иттер сәуір айында берілетін барлық мүмкіндікті пайдаланбауы керек. Күшіңізді қайда жұмсайтыныңызға назар аударыңыз. Ай энергиясы тыныш болады, күрделі жобаларды қазбалаудың қажеті жоқ. Қаржы жағдайы жайлылық туғызады. Иттерде бақытты болу үшін қажет нәрсенің бәрі болады. Бойдақ жүргендер сәуір айында махаббатын табады. Кейбір жұпта ажырасуға дейін жеткізетін өтіріктің беті ашылады. Ыдыс-аяқты сындыруға асықпаңыз, сүйіктіңіздің қалыпқа келуіне мүмкіндік беріңіз. Өтпе желден абай болыңыз. Бұл айда денсаулығыңыз өте жақсы болады.

Доңыз

Доңыздар үшін сәуір айында шешім қабылдауды қажет ететін мәселелер бар. Мұндай жағдайлар шаршатады, бірақ айдың соңында бір апталық үзіліс пен толық демалыс күтеді. Табысыңыз тоқтауы мүмкін, сондықтан жинақтарыңызды пайдаланыңыз немесе достарыңыздан қарыз алып көріңіз. Мамыр айында жағдай тұрақталып, бәрі қалыпқа келеді. Денсаулыққа қатысты мәселелер мазаламайды, бірақ диетаға отыру артық етпейді. Қарым-қатынаста үйлесімділік пен жайлылық орнайды. Арақатынасты бұзуға шешім қабылдағандар сотсыз немесе жанжалсыз келісімге келеді. Бойдақ жүрген доңыздар жұмыс барысында серігімен кездеседі.

Сәуір айында қытай жұлдыз жорамалының барлық белгісін қызықты оқиғалар күтеді. Көп адам жұмыста жақсы өзгерістерді өткереді. Жеке өмір мен денсаулық жағдайы алаңдатпайды.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: