Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Шілде айында қай жұлдыз белгісінің өмірінде өзгеріс болады?

05.07.2023

618 0

Шілдедегі айдың толысуы, Марстың қозғалысы, Меркурий мен ретро Шолпан романтикалық ара-қатынасқа әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда астролог Нараяна Монтуфар шілдеге арналған махаббат болжамын жасады.

Тоқтыға арналған махаббат жорамалы Астролог Нараяна Монтуфардың пікірінше 17 шілде ерекше күн, ол күні тағдырлар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Тоқтылар шабыт пен махаббатты сезінеді. Арақатынасты реттеу үшін жұбыңызға көңіл бөліңіз. Ашық әңгіме, бірге демалу арақатынасыңызды нығайта түседі. Басы бос тоқтылар үшін романтикалық қызықтар басталатын кезең. Шынайылық пен ашықтық тұрақты арақатынас орнатуға ықпал етеді.

Торпаққа арналған махаббат жорамалы Шілдеде жаңа романдар басталады. Жұбыңызбен ортақ істерге көңіл бөліп, отбасылы болсаңыз жалғыз қыдырмауға тырысыңыз. Басы бос торпақтар арақатынасты ешқандай міндеттемелерсіз-ақ құра алады. 22 шілдеде Шолпан кері қайтады. Бұрынғы жұбыңызбен қайта қосылуыңыз мүмкін. Күмәнді істермен айналыспаңыз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін.

Егіздерге арналған махаббат жорамалы Астролог Кира Табурнның пікірінше, 16 мамырда Юпитердің Торпаққа өтуінен бастап, Егіздердің жаңа таныстық орнататын мүлдем мүмкіндігі жоқ. Шілдеде Егіздер кәсібіне, мансабына көбірек көңіл бөледі. Жұмыста барлығы жақсы, ал жеке өмірінде біраз тер төгуі керек болады. Ал жұбы барлар бірге демалысқа аттанып, үйленуге шешім қабылдайды. Жұмыс барысымен шыққан сапарлар жаңа таныстықтар орнатып, арты романтикаға ұласуы мүмкін. Сүйіктіңізді жұмыстан табудан қорықпаңыз. Мұндай арақатынастың соңы отбасылы болумен аяқталуы мүмкін.

Шаяндарға арналған махаббат жорамалы Шаяндар шілдеде жұмыс та істеп, демалып та, ғашық болып та үлгереді. Ол жұмысқа бара жатқан жолда, келіссөздер жүргізу барысында, кәсіби кешкі ас кезінде орын алуы мүмкін. Әдепті бұзбас үшін, кездесуге жұмыстан кейін барыңыз. Жұптағылар ортақ жобаларды іске асырады, олар: ірі сауда, бизнес ашу немесе бала туу болуы мүмкін.

Арыстандарға арналған махаббат жорамалы 11 шілдедегі Меркурийдің Арыстанға өтуі, олардың тартымдылықтарын арттыра түседі. Өзіңізге жұпты әдемі сөздеріне қарап емес, ісіне қарап таңдаған дұрыс. Жаңа таныстықтар өміріңізді жақсы жаққа қарай бұрады. Жақын туыстарыңыз бен балаларыңыз сіздің көңіліңізге мұқтаж. Оларға тым берілмеңіз, қолыңыздан келгенше көмектессеңіз жеткілікті. Шілденің екінші жартысында арыстандар өзінің нағыз махаббатын кездестіреді. Оның сәтті немесе сәтсіз арақатынас болуы тек уақыт еншісінде.

Бикештерге арналған махаббат жорамалы 10 шілдеде болатын Марстың Бикешке ауысуы фокусыңызды жұмысқа, жеке дамуыңызға аудартады. Қарым-қатынасқа уақыт таппасаңыз, ол әлсірей береді. Отбасылық мереке ұйымдастыру ойыңызда болса, бастан-аяқ өз бақылауыңызда ұстаған дұрыс. Сонда мерекеңіз сәтті өтеді. 28 шілдеден бастап Марсқа Меркурий қосылады. Бұл уақыт махаббатқа анализ жасап, қателіктеріңізді түзейтін қолайлы кезең. Ортақ болашақ көрсеңіз – жұбыңызбен татуласыңыз, ал егер мақсатыңыз әр түрлі болса – ажырасыңыз. Басы бос бикештер шынайы сезімге негізделген құра алатын адамды кездестіреді.

Таразыларға арналған махаббат жорамалы Қыркүйектің соңында туылған таразылар шынайы махаббаттарын кездестіреді. Шілденің бірінші және екінші жартысында орын алған таныстықтардың болашағы зор. Арыстандағы ретро Шолпан ескі махаббатыңызбен кездестіреді. Сезіміңіз әлі де өшпесе, ашық әңгімелесіп, тағы бір мүмкіндік беріп көріңіз. Ғашықтар үшін екінші рет бал айы қайталануы мүмкін. Бірақ астрологтар Тали мен Офира Эдут 3 қыркүйекке дейін маңызды шешім қабылдамауға кеңес береді.

Сарышаянға арналған махаббат жорамалы Сүйіктіңіздің назарын өзіңізге аудара алмайсыз. Ол сізді ұнатып қалуы үшін өзіңіздің сүйкімділігіңізді пайдаланыңыз. Үйленген жұптар үшін шілде романтикаға толы болады. Жұбыңызбен жеке уақыт өткізуге тырысыңыз. Кейбір сарышаяндар арақатынасын тоқтатады. Мұңаймаңыз, ол сіздің сезімдеріңізді шыңдай түседі.

Мергендерге арналған махаббат жорамалы Жазда мергендер жақындарына, туыстарына көп көңіл бөлуге тырысады. Шілдеде оларды жұптағы проблемалардың шешімін табу, татуласу, жаңа таныстықтар күтіп тұр. Бұрынғы жұбыңызбен қатынасыңызды жаңадан бастау ешқандай нәтиже шығармайды. Басы бос мергендер құпия жанмен таныстық орнатады. Оның құпиясын ашып, танып білуге тырысады. Astrosage басылымы шілдені отбасы құруға қолайлы ай деп жазады.

Тауешкіге арналған махаббат жорамалы 3 шілдедегі Айдың толысуы тауешкілердің сүйіктісімен арақатынасына ашықтық сыйлайды. Бұрын ұнатқан жандар жолыңызда қайта пайда болады. «Манипуляциятордың» құрсауына түсіп қалмаңыз. Өзіңізге лайық адамды кезіктіру үшін логикаңызбен ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Күтпеген таныстықтар адал достарды сыйлайды. Отбасылы тауешкілердің арақатынасында гармония орнап, кез келген идеяда бір-бірінен қолдау табады.

Суқұйғыштарға арналған махаббат жорамалы Романтика бағытында жаңа өмір пайда болып, сізге деген қызығушылық арта бастайды. Махаббаттан қашпаңыз. Шілдеде суқұйғыштар сүйіктілерін еркелетіп, оған сыйлықтар беріп, қуантуға тырысады. Бұл екі жақтан да болатын әрекет болатындықтан, бағасына мән бермеңіз. Басы бостар өз махаббатын жолықтырып, ортақ кәсіпке кіріседі.

Балықтарға арналған махаббат жорамалы Балықтар бұрынғы сүйіктісімен қайта табысуы мүмкін. Алдыда сізді берік қатынас, шынайы сізді сүйе білетін адам күтіп тұр. Шілденің бірінші жартысын оқуға, мансапқа арнаңыз. Ал екінші, үшінші бөлігін ара-қатынасқа, отбасын нығайтуға арнаған дұрыс. Сізді шынайы қабылдай білетін ортаға уақыт бөліңіз. Шілде романтикаға, жаңа таныстықтарға, ортақ болашақ құуға толы ай. Шолпан ретро жағдайына енгенше ара-қатынасыңыздан ләззат алып үлгеріңіз. Бұрынға арақатынастарға мүмкіндік беріңіз. Бірақ барлығын жан-жақты ойлап, асықпай шешім қабылдаңыз.

ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2027214-maxabbatynyzdy-ziberip-almanyz-2023-zyldyn-silde-aiynda-qai-zuldyzdyn-zeke-omirinde-ozgeris-bolady/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: