Жұма, 06 желтоқсан, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Таиландта түскі асқа 3 млн теңге төлеген қазақстандық іздестіріліп жатыр

12.11.2024

350 0

Фото: atorus.ru

Қазақстандық турист шетелдегі мейрамханада байқамай 3 миллион теңге төлеп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Мұндай ақпаратты қазақстандық журналист, блогер Тимур Асылханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Блогердің айтуынша, қазақстандық турист Таиландтағы бір мейрамханада түскі ас ішіп, қателесіп 3 миллион теңге көлемінде төлем жасаған. Жергілікті мейрамхана иесі тұтынушыны әлеуметтік желі арқылы іздеп жатыр.

«Таиландта түскі асқа 3 млн теңге төлеген қазақстандықты жаппай іздестіріп жатыр. Фейсбукта пост жариялап, барлығы репост жасап жатыр. Тіпті ресторан басшылығы қазақстандық банкке шығып, карта иесі туралы ақпарат сұрастырған. Егер бізде сондай жағдай болса, сізді іздер ме еді», – деп жазды Тимур Асылханов әлеуметтік желідегі парақшасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: