Бейсенбі, 28 қараша, 06:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жазушылар одағының іргетасы Қызылордада қаланған

16.10.2023

610 0

Алты алашқа астана атанған туған өлкеміз талай тарихи сәтке куә болды. Терең тарих қатпарларына үңілсек, Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы Қызылорда қаласында Қазақстанның пролетариат жазушыларының қауымдастығы болып құрылған кезден бастау алады. Алғашқы одақ ұйымдастыру бюросы болып құрылып, құрамында қазақтың маңдайалды жазушылары Сәкен Сейфуллин мен  Бейімбет Майлин болды.

Жаңа  ұйымға  республикадағы әдебиет күшін біріктіру және пролетариат жазушыларын бүкіл Қазақстанның бірінші конференциясына әзірлеу міндеттелді. Осылайша, 1925 жылы қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып жазушы Сәкен Сейфуллин бекітілді.

Араға  жеті жыл салып 1932 жылы Орталық комитеттің әдеби көркем ұйымдарды қайта құру туралы қаулысы негізінде Қазақстан өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады. Осы қарар қабылданғаннан кейін алғаш рет Қазақстан Жазушылар одағы құрылды.

Ұйымдастыру бюросының төрағалығына қарымды қаламгер Ілияс Жансүгіров тағайын­далды. Қазақстан кеңес жазушыларының бірінші съезі 1934 жылдың 12-18 маусымы аралығында өтті.  Қазақстан  Жазушылар одағы­на 1925 жылы 10 адам  мүшелікке өтті. Ал 1935 жылы одақтың төрағалығына әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Ғаббас Тоғжанов тағайындалды. Араға 1 жыл салып  одаққа жазушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Сәбит Мұқанов төрағалық етеді.

1935 жылы КСРО әдеби қорының қазақ бөлімшесі құрылып, Қазақстан Жазушылар одағын мемлекет тарапынан қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Алғашында идео­логиялық қару ретінде құрылғанымен, Сәкен, Ілияс, Бейімбет бастаған жазушылар ұйымы жұмысын ұлт әдебиетіне, тұтас халықтың мүдде­сіне қарай бағыттады.

Қиын кезеңде құрылған Қазақстан Жазу­шылар одағының үлкен міндеті – Абай поэзия­сынан бастау алған жазба әдебиеттің бай мұрасын жинау мен саралау, дамыту мен қорғау және оны халық арасында кеңінен насихаттау болды.

Г.АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: