Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Париж көгінде әуелеген домбыра

27.09.2022

1738 0

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын аспап болса, ол – қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Музей қорында бойына сыр бүккен құнды жәдігер сақталған. Ол Сыр елінің тумасы, қолөнер шебері Шәзінда Маханбетовтің қолынан шыққан. Оған домбыра басына орнатылған металға ойылып жазылған жазба дәлел. Домбыра жасаушы – шебер ғана емес, биология ғылымдарының кандидаты, ғалым. Атадан дарыған өнер ғалымның қолынан талай домбыра мен қобызды өмірге әкелді. Шәзінда шебердің қолынан шыққан әрбір музыкалық аспап ерекше. Дегенмен осы домбыраның үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ.

Домбыраның тарихы да қызық. Сыр елінің тумасы, сүлейлердің сарқыты, бел­гілі жырау, домбырашы, фольклортанушы Алмас Алматов 1986 жылы  Әміре Қашаубаевтан кейін Фран­цияның Париж қаласында өткен ән фестивалінде осы домбырамен қазақтың дәстүрлі музы­касын әлемдік деңгейге көтерген. Бұл домбыра сонымен ерек, сонымен дара.

Францияның бұрынғы прези­денті Франсуа Миттеранның өзі ашқан концертте қазақ елінің атынан Еуропаның жоғары деңгейдегі сахнасында ән шырқаған екінші қазақ Алмас Алматов болатын.

Музей қорында сақтаулы тұр­ған жәдігер сол уақыттағы мәдениет басқармасының басшы­сы Жарылқасын Үмбетовтің бағыт­тауымен, өнер қайраткер­лерінің сұрауымен қордан уақытша алы­нып, анық үнді домбыра қазақ өнерін биікке көтерген еді. Бұл – Шәзінда Маханбетов­тің жетістігі, Алмас Алматовтың жеңісі.

Музей қорындағы бұл домбы­ра  – қазақ музыкасын бүкіл әлемге паш еткен, Алмас Алматовтың есімін жаһанға мәшһүр еткен тарихи жәдігер.

Әйгерім Бекқұлиева,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің

бөлім меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: