Жұма, 03 мамыр, 15:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтармен семинар-тренинг өтті

15.10.2021

789 0

Теолог және психолог мамандарының бірлескен шарасы жоспарға сәйкес сотталғандар арасында семинар тренинг өткізді. Аталған шараға «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының» қоғамдық қорының психолог маманы Алма Аяғановаға және ЗК-169/4 мекемесінің психолог маманы Кеңес Салтанат қатысты.

Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде жазасын өтеуші азаматтар арасында қолданылды. Өткізілген семинар тренингтің негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтарға өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Тренинг барысында жазасын өтеуші азаматтар өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіріп, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтірілді. Нәтижесінде «Құнды қасиеттерді жинау», «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуларын орындау арқылы өздерін қаншалықты бағалай алатындары мен қазіргі көңіл-күйлері қандай екенін анықтады.

Қорытындылау барысында сотталған азаматтар алған әсерлерімен бөлісіп, келген мамандарға алғыстарын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: