Сәрсенбі, 03 шiлде, 10:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Ертегі – бала тәрбиесінің бастауы

17.05.2022

955 0

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында Халық­аралық балалар кітабы күніне орай «Ертегімен есейем…» атты байқау өтті. Оған қаламыздағы мектеп оқушылары  қатысып,  үздік өнер көрсетті.

Қазіргі таңда жас өрендерді ауыз әдебиетімен сусындатып, адамгершіліккке, парасаттылыққа үйрету алға қойылған. Бүгінгі ұрпақ ата-баба­мыздан қалған асыл қасиеттерді ұмытпауы керек. Бұрынғы балалар ертегі тыңдап, кітап оқып өссе, бүгінгінің балалары ұялы телефон арқылы өсіп келеді. Сондықтан жас ұрпақты ұлттық құндылыққа тәрбиелеу қажет. Шараның негізгі мақсаты да – осы.

Бүгінгі байқауда балалар  ертегі қойылымы нәтижесінде ойлау қабілетін арттырып, армандай білуге, мәнерлеп сөйлеуге шығармашылық қабілетін дамытты. Байқауға қатысқан Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылары  Андерсен ертегісі «Нағыз патшайым», Қазақ ертегісі  «Алдар көсенің сиқырлы тоны» атты ертегілерді көрсетті. Ертегі қоюға өрендерді кітапхана меңгерушісі Жадыра Оразбахова мен бастауыш сынып мұғалімі Анар Сүлейменова дайындады.   Аталған мектеп-лицей оқушылары бас жүлдені  иеленді.

Ертегі – бала тілін жаттықтырады. Оның кейіп­керлері, олардың басынан өтетін оқиғалары арқылы күнделікті нәрселерді талдай білуді және әлемді түсінуді үйренеді. Сондықтан балалардың бір сәт ертегі оқып, тыңдап өскені жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: