Жексенбі, 07 шiлде, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

16.04.2023

556 0

Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ қаладағы бірнеше мөлтек аудандар мен көңіл көтеретін орындарға аралау жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында облыстық полиция департаменті, білім бөлімі, қоғамдық даму бөлімі және «Жастар рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және сағат 23:00-ден кейін көше бойында жүрген балалар мен жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Ата-аналарға заңды өкілінсіз балаларын беймезгіл уақытта үйден тыс жіберулеріне тыйым салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: