Бейсенбі, 30 мамыр, 23:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Қапастағы өмірдің тынысымен танысты

23.02.2023

553 0

Қызылордадағы тергеу изоляторына «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу интитуты» ЖШС  қызметкерлері келді. Басты мақсаты –  сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жүргізу .

Келушілерді қарсы алған мекеме қызметкерлері әдеттегідей,  алдымен тергеу изоляторының өзіндік ерекшелігі мен қамаудағылардың режимдік күн тәртібі жайлы түсіндірді. Содан соң, адвокаттар мен айыпталушылардың бөлмесін, сөйлесу, кездесу бөлмелерін апарып көрсетті.

Арнайы аймақта орналасқан шаруашылық бөліміне қалған сотталғандардың  жатаханасына  барып, қылмыс жасап істі болғандарға жасалған жағдаймен танысты.

– Мұнда сотталғандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті жағдай жасалғанын, барлық жерде камера, темір терезе, темір есік, тікенді  сымдар мен биік қоршауды көрдік. Бұл көріністер, адамның санасына салмақ түсіреді екен. Көңілге ауыр тиетін жағдайды сезіндік. Пара беріп, пара алып мұнда түскендердің жағдайынан, жалақыға жарымасада, бостандықта жүргенгедердің   күні артық деген ой түйдік.

Барша азаматтарды ардан  аттап, заң бұзбауға  шақырамын, – деді келушілердің бірі.

Тергеу изоляторына келген ғылыми қызметкерлер мұндағы жағдайды көзімен көріп, жүрегімен сезініп, өзгенің қателігінен сабақ алып, өз болашағына балта шаппауды санасына берік түйіп қайтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: