Сейсенбі, 07 мамыр, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандарға психологиялық көмек берудегі тиімді әдістер

31.01.2023

560 0

Қазіргі кезде ҚАЖ қызметіндегі психолог мамандар сотталғандармен психологиялық жұмыс істеу барысында әртүрлі әдіс-тәсілді қолданады. Осы орайда облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 60 мекемесінің АКАӘПТБ – нің психолог мамандары сотталғандарға диагностика жасауда   метафоралық карталарды пайдалануда.

– Ол  адамның сана-сезімінің ассоциациялары мен суреттерін зерттеуге мүмкіндік беретін қуатты және тиімді құрал. Карталар әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін, оларда сюжеттер, абстракциялар, пейзаждар, заттар, портреттер, сөздер бейнеленген. Картаны қарау және сипаттау кезінде сотталған  эмоцияны сезіне бастайды. Түрлі жағдайды еске түсіріп, қорытынды жасайды. Сондай-ақ  әртүрлі ойға түседі. Карточкада кез-келген сурет болуы мүмкін. Бірақ жазасын өтеуші азамат  оның қазіргі жағдайына не сәйкес келетінін таңдайды. Нәтижесінде, қарап отырып, қиял қосылады, күтпеген бұрылысқа көзқарастар мен ашылуларға әкелуі мүмкін ассоциация механизмі іске қосылады, – дейді психолог Салтанат Сабитқызы.

 Оның айтуынша, бүгінде жазасын өтеушілерге  жеке және топтық қабылдау өткізіп, метафоралық карталардың көмегімен сотталушының мәселесін шешуге толық мүмкіндік  бар. Өйткені кей қабылдауда болатын азаматтардың ашылуы қиын, кейбірі нақты шешім қабылдауға қауқарсыз. Сондықтан осы әдіс арқылы картадағы бейнеге қарап, таңдау себебін сұрайды.

– Бұл әдіс өз қателігінен жапа шеккендердің  өз-өздерін танып, дағдарысты еңсеруге және жарақаттың салдарынан емделуіне ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз – сотталғандарға психологиялық көмек берудің тиімді әдісін қарастыру. Себебі темір торда қамауда отырған ересек адамды  қайта өмірге бейімдеу күрделі жұмыс, – дейді психолог Шынар Кульбаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: