Сәрсенбі, 29 мамыр, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер толғақ қысқан әйелге қол ұшын созды

13.12.2022

330 0

Қызылордалық полицейлер толғақ қысқан әйелге қол ұшын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік аумақты аралау барысында Белкөл кентінің аумағында күннің суығында бұзылып тұрған автокөлікті байқаған. Тоқтап, мән-жайды сұрастырып, олардың Жаңақорған ауданынан келе жатқанын біледі. Көлік жүргізушісі автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігін айтады.

Оқиғаның мән-жайын естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самат Шорағазиев, Сағындық Мырзахожаев, Нұрболат Амандық «103» арнасына хабарласып, жедел жәрдемнің шұғыл түрде келуін және Ана мен бала орталығына кедергісіз жетуін қамтамасыз еткен. Соңынан белгілі болғандай, әйел егіз сәбиді күтіп жүрген. Полицейлердің жеделдігі мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында әйел аман-есен егіз босанды.

syrboyi.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: