Сәрсенбі, 03 шiлде, 21:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Балалар демалысы қалай өтуде?

01.08.2023

525 0

Жаз маусымы басталғаннан-ақ балалар бос уақытын тиімді, қызықты өткізіп, түрлі жарыстарға қатысу үшін жазғы тынығу лагеріне баруға асығатыны анық. Сол себепті балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.

Бүгінде облыста 9 лагерь жұмыс істеп тұр. Оның 7-і мемлекеттік болса, қалған екеуі жекеменшік саналады. Жалпы 4 ауы­сым бойы 5 мыңға жуық бала жазғы демалысын өткізген. Қазіргі таңда оның  төртінші ауысымы аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйым­дастыруымен өткен баспасөз турында об­лыстық білім басқармасының тәрбие жұ­мыстары бөлімінің басшысы Бектұр Қали айтты.

– Биыл балалардың жазғы демалысын көңілді, есте қаларлықтай қызықты өткізу үшін облыста 9 лагерь өз жұмысын бас­тады. 7 ауысым бойы лагерьге 8190 бала демалады деп жоспарланған. Одан бөлек, облыс бойынша мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерінің жұмысы ұйымдастырылды. Онда шама­мен 96 мың бала демалады. Ең алдымен жазғы сауықтыру орталығына  ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады. Ол үшін  арнайы тізім жасалады. Бұдан бөлек, жергілікті меценаттар, кәсіп­керлер, кәсіподақ демеу­шілігімен 1200 ба­лаға облыстан тыс жер­дегі лагерде ұйымдастырды, – дейді Бектұр Қали

Бүгінде 130 орынды құрайтын «Жалын» жазғы демалыс лагері  Сырдария ауданында орналасқан. Онда 700-ге жуық бала барады деп жоспарланған. Оның ішінде  әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес  отбасынан шыққан, ата-ана қам­қорлығынан айырылған 581 бала жаз­ғы демалысын өткізетін болады. Мұнда жазғы тынығуға  7 ауысым бойы  балалар  қабылдайды.

– Лагерьде балалардың жазғы дема­лысын тиімді өткізу мақсатында түрлі  іс-шаралар жоспар бойынша жүр­гізі­леді. Балаларды зияткерлік, спорттық, біліктілігін арттыру мақсатында күн­делікті  дамытып отырамыз. Одан бөлек, шахмат, ұлттық спорттық ойындар ой­натылып, балалар арасында дебат ұйымдастырылады. Сондай-ақ лагерде бес мезгіл тамақ, арнайы жатын-орын, ойын алаңдары, асхана, медициналық қызмет қарастырылған. Жалпы лагерьде 8 тәрбиеші жұмыс істейді, – дейді «Жалын» лагерінің басшысы Мейрімхан Момбаева.

Сонымен қатар балалардың жазғы тынығу кезеңінде еліміздің басқа қала­ларына және өңірдегі тарихи, мәдени орындарға,  Қорқыт ата ескерткішіне арнайы турлар, музейлерге, табиғаты көркем жер­лерге саяхаттау ұйымдастырылып, оған 10 мыңға жуық бала қамтылған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп дарынды ауыл балаларының интеллек­туалдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және қолдау көрсету мақсатында 2023 жылға «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы аясында  600 балаға облыстық квота бөлген. Соның есебінен 320 бала Алматы қаласында орналасқан  «Спутник» лагерінде демалды. Алдағы уақытта  Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында орналасқан «Талдысу» лагерінде  280 оқушы демалады деп жоспарлануда.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: