Сейсенбі, 07 мамыр, 04:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Шымкентте демалыс аймағындағы жасанды көлде қолтырауын пайда болды

18.08.2023

399 0

Шымкент қаласының тұрғыны «Жайлаукөл» демалыс аймағындағы көлде қолтырауын пайда болғанын айтып, оны видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Otyrar.kz сайты хабарлайды.

Видео әлеуметтік желілерде шу шығарды. Қосмекенді Қарасу өзенінің суымен ағып келген болуы мүмкін.

Видеоның астындағы пікірлерде бауырымен жорғалаушы жақын маңдағы хайуанаттар бағынан қашып кеткен деген болжам бар. Алайда Шымкенттегі хайуанаттар бағы қолтырауын жоғалтпағанын айтып отыр. 

«Қолтырауын жоғалған болса баяғыда-ақ байқайтын едік. Бұл сенімсіз ақпарат. Біздің қолтырауындардың бесеуі де өз орнында», – деді Шымкент зообағының террариум бөлімінің меңгерушісі Раиса Долгова.

Демалыс аймағы әкімшілігінің айтуынша видео жала. Қолтырауын мұндай суда өмір сүре алмайды. Жасанды су қоймасы Төлеби өңірінен созылып жатқан бұлақпен толтырылған және ондағы су мұзды. Сонымен қатар су қоймасы мерзімді түрде тексеріледі. 

«Мұндай суда қолтырауын өмір сүре алмайды. Су өте суық. Сонымен қатар көлде балықтар көп, оларды жиі жаңартып отырамыз. Сл үшін көлді зерттейміз. Сондықтан қолтырауын міндетті түрде көзге түсуі керек еді. Көл қауіпсіз. Онда жыртқыш жоқ», – деді департаменттің «Жайлаукөл» демалыс аймағының басшысы Асылбек Абдуллаев.

Демалыс аймағы қызметкерлерінің айтуынша, көлде балық көп. Кейде олар отар болып жүзеді. Келуші олардың көлеңкесін көрген шығар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: