Жұма, 26 сәуiр, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Елбасымен кездескен сәт

14.09.2021

1737 0

Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы №37 мектептің 6-шы сыныбында оқып жүргенімде об-лыстағы барлық ауданнан бір-бір оқушыны жетекшіміз Ғалым Бекенов Алматы қаласында өтетін Президент шыршасына алып барды.

Бүгінде Президент шыршасы жыл сайын облыс бойынша өткізіледі. Онда президент оқушыларды видео арқылы құттықтайды. Ал ол кезде әр облыстан жиналған оқушыларды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі күтіп алып, бәріміздің қолымызды алды. Сол шарада ұйымдастырушылар шақырылған оқушылардың арасынан ән айтуға мені таңдап алды. Осылайша Елбасының алдында тұрып, ән шырқадым. Ол кезде «АБК» тобын халық сүйіп тыңдайды. Шыршаға өнер көрсетуге келген Қыдырәлі Болмановтан қолтаңба алып, соған ұқсаған атақты әнші болсам деп армандап қайттым. Сондай-ақ ақын Фариза Оңғарсыновамен де танысу бақыты бұйырды. Бала болсам да елге танымал жандарды көріп, мен де осы кісілердей болсам ғой деген мақсат пайда болды.

Осылайша Алматының сұлу табиғатына тамсанып, есте қаларлықтай қыдырып қайттық. Сапардан келген соң мектептегі ұстаздар үлкен кездесу ұйымдастырды. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты көріп келген маған зор құрмет көрсетілді. Мектеп бітірем дегенше Президент шыршасына барып, Елбасыны көргендегі сезіммен жүрдім. Ол менің өмірімдегі ең керемет күндердің бір парағы іспеттес. Балалық шақтың естеліктері – ең қымбат дүние деген сөз осыдан қалса керек.

Дана ҚУАНДЫҚОВА,

Ж.Махамбетов ауылының тұрғыны.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: