Бейсенбі, 04 шiлде, 04:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы бойынша 1284 рұқсат құжаты берілді

22.01.2024

207 0

Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет болып табылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында да тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығыерекше аталып көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізілуі тиіс – бұл басты қғаидалардың бірі. Сондай-ақ  мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу де маңызды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіменмемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Барлығы да «электрондық үкімет»- www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бойынша 2023 жылдың қорытындысымен халықтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 1884 өтініш берілген, оның 1284-і қанағаттандырылып, рұқсат құжаттары берілсе,  600 құжатқа дәлелді бас тартулар ұсынылған. Өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштер мемлекеттік қызметтерді алушылар қатарының артқандығын көрсетеді. Басым көпшілігі «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру  бойынша жүгінген – барлығы 504 құжат берілген.

          Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары тарапынан  түсіндірме-ақпараттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіледі.  Департамент мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау мен мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру бағытында құқықтық семинарлар тұрақты ұйымдастырылады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: