Сенбі, 27 сәуiр, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Барлық медициналық мекемелерде қызылшаға байланысты карантин жарияланды

18.11.2023

560 0

Фото: freepik.com

Абай облысындағы барлық медициналық мекемелерде карантин жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хаты негізінде облыстағы барлық медициналық мекелемерде карантин жарияланған.

«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 296  «Абай облысында қызылша ауруы тіркелген жағдайда жәрдем көрсетуді ұйымдастыру туралы» бұйрығымен барлық медициналық ұйымдарда карантин енгізілді”, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Абай облысындағы қызылшаға қатысты эпидемиялық жағдай тұрақты. Мамыр айынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген.

«Өкінішке қарай, қызылшаның бұрынғы ошақтарынан айырмашылығы, қазір негізінен жас балалар арасында тіркеліп отыр, айта кету керек, қызылшаға шалдыққандардың 56,0 пайызы (42 жағдай) бес жасқа дейінгі балалар», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: