Жексенбі, 28 сәуiр, 03:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр өңірінде 27 денсаулық сақтау нысаны салынады

23.12.2023

486 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Биылғы жыл Сыр медицинасы үшін жағымды жаңалықтарға толы болды.

Денсаулық сақтау саласына биыл 138,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Өңірде жаңа заманауи медициналық нысандар бой көтеруде. Мәселен, Қызылорда қаласында 36,4 млрд теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталды.

Медицина ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету мақсатында
2,9 млрд теңгеге Қан орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 медициналық нысан салынады. Оның 15-і биылғы жылы ел игілігіне пайдалануға берілуде.

Саланың материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,3 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметіне осы жылы 25 санитарлық көлік алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: