Сәрсенбі, 03 шiлде, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Әскери қызметшілерге «қауіпсіз қыс» айлығы өткізілді

08.02.2024

400 0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының 2024 жылғы қаңтар айына арналған ҚР ҚК Әскери полиция органдарының негізгі іс-шаралар жоспарының «әскерлер қызметі және әскери қызмет қауіпсіздігі» тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау жоспарына сәйкес, осы жылдың қаңтар айында Қызылорда гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерінде «Қауіпсіз қыс» айлығы өткізілді. Осы айлықтың өтуіне байланысты ҚР ҚК Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің әскерлер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің офицерімен әскери бөлімдермен мекемелерде әскери қызметшілердің жарақаттануға жол бермеуге, кезекшілік уақытында жарғыға сәйкес қызмет атқаруға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, диверсияға қарсы және өткізу режимін сапалы ұйымдастыру бойынша түсіндірме сабақтар және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Шахмұрат Ршауов

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі

әскери полиция бөлімшесінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету

және әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі офицері аға лейтенант

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: