Сәрсенбі, 03 шiлде, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Кітап – білім көзі

02.04.2021

2243 0

Бүгін халықаралық балалар кітабы күні аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларына арналған әдеби тренинг өтті.

«Руханият» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен өткен шарада өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері келушілерге шығарма үзінділерін ұсынды. Өз кезегінде 7-сынып оқушылары шығарма мазмұнымен танысып, оның атауы мен авторын анықтады.

– Әдеби шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, қазақ және әлем әдебиетіндегі туындылар жөніндегі білімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды , – дейді клуб жетекшісі, педагог-куратор Ақбота Жұмабаева.

Зияткерлік ойында жас өрендер өте белсенді болды. Жасырылған әдебиет туындыларын жылдам табуда ерекшеленді, әрі озық ойлы екендіктерін байқатты.

– Кітап мен үшін білім көзі. Біріншіден адами қасиеттерді дамытады және сөздік қорымызды байытады. Көбіне шын өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған шығармаларды оқығанды жақсы көремін, – деді жылына 30-40 шығарманы оқуды дағдыға айналдырған Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Арайлым Хани.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: