Жексенбі, 30 маусым, 19:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Пәтерге ұрлыққа түскен

07.04.2021

1259 0

6 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша  түскі уақыт 15: 40 шамаларында ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйінің кіре-беріс темір есігін бұзып ашып кіріп, шкаф ішінен 7-дана алтын алқа, 2-дана алтын білезік, 9 дана алтын сырға, 3-дана алтын сақина, күміс бұйымдарын және де әмиянынан үлкен соммадағы ақшаларын қолды еткен. Қазіргі таңда, жалпы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 700 000 теңгені құрайды.

     Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 30 жастағы бұрын сотты болған, қала тұрғыны күдікті азамат ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті. Жәбірленушіге ұрланған заттары толықтай қайтарылды.

        Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның УҰИ-на қамауға алынды.

        Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: