Сенбі, 07 желтоқсан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер 41 ассенизатор автокөлігіне әкімшілік хаттама толтырды

16.02.2022

1069 0

Қала аумағында экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетін ассенизатор қызметтерінің заңсыз әрекеттері тұрғындар арасында қызу талқыға түсіп, наразылықтар білдіруде.

Осыған байланысты, ассенизаторлық қызметпен айналысушылар қала аумағын ластау, автокөліктерін заңсыз қайта жабдықтау, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуда. Осы тұрғыда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамды ластау және кері әсерін тигізетін 41 ассенизатор автокөлігіне әкімшілік хаттама толтырды.  Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 620-бабының 1-бөлігімен (Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу – ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 13 автокөлік иелеріне хаттама және Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабының 2 – бөлігімен (Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу  – ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) 5 автокөлік иесіне айыппұл салынды.

Осы ретте, жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтардың куәсі болған жағдайда,  «102» арнасына қонырау шалуларыңызды сұраймыз. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: