Бейсенбі, 28 наурыз, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қаңтар оқиғасы бойынша 59 қылмыстық іс тергелуде

27.01.2022

519 0

Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздікке байланысты орын алған құқық бұзушылық кезінде ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптарымен 59 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде кісі өлтіру, террористік акті, жаппай тәртіпсіздік, қарақшылық, билік өкіліне қатысты күш қолдану және басқа да баптар бойынша тергеу амалдары жүруде деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Жалпы, жаппай тәртіпсіздік және қарулы шабуыл қылмысына қатысы бар деген күдікпен 99 адам ұсталып, оларға дер кезінде адвокаттар қамтамасыз етілген. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге жол берудің алдын алу мақсатында барлық ұсталғандар сот-медициналық сараптамасынан өткізіліп, содан кейін ғана қамауға алу шаралары қабылданды.

Байжан Исембекұлының айтуынша, қазіргі уақытта, сотпен 22 адам қамаудан босатылды. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы мен денсаулық жағдайына байланысты, тергеу органының өтініш хатымен 2 әйел және 1 ер азаматтың бас шарасы жеңіл түріне, яғни «үй қамаққа» өзгертілді.

Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік барысында 210 адам, оның 58-і полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға көрініп, ем-дом қабылдаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: