Жұма, 29 наурыз, 19:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

35 азамат мәжбүрлі еңбекке тартылған

18.11.2021

462 0

Арал аудандық пробация қызметі есебінде  жалпы 70 адам есепте тұр. Оның ішінде    35    адам сот үкіміне сәйкес мәжбүрлі еңбекке тартылған. Қазір бұл азаматтардың 25-і қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазасын өтеп болса, 10-ы қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.

Пробация қызметінің мақсаты сотты болған азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал жасап, көмек көрсету. Бүгінде мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтар қаланы тазалық жұмыстарына атсалысып жатыр. Пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жұмыстың орындалуын қадағалап отырады.

«Есірткі затын тұтынғаным үшін сот үкімімен 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылдым. Қазір өзім  секілді сотты болғандармен бірге Арал ауданы әкімдігінің белгілеп берген қала көшелерін қоқыстан тазалау жұмыстарын атқарудамын.  Жасаған іс-әрекетімнен өзім ұяламын. Қоғамға кішкене болсада пайдамды тигізгім келеді»,-деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: