Дүйсенбі, 01 шiлде, 01:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Анасын аяусыз өлтірген ер адамға үкім шықты

28.05.2024

361 0

Сурет: massaget.kz

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында анасын өлтірген тұрғынға қатысты қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

БҚО соты таратқан ақпарат бойынша, тұрғын ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 2023 жылы 1 қараша күні сағат шамамен 00.30-да Орал қаласының тұрғыны мас күйінде өзінің анасымен сөзге келіп, аңшылық пышағымен оң жақ кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан марқұм сол жерде жан тапсырған.

«Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты. Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен қоғам үшін қауіптілігін, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушіден талап арыз түскен жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: