Дүйсенбі, 01 шiлде, 07:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Килиан Мбаппе «Реал»-ға ауысты

04.06.2024

879 0

Сурет:massaget.kz

Мадридтік «Реал» француз шабуылдаушысы Килиан Мбаппемен келісімшартқа отырғанын хабарлады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Реал Мадрид» пен Килиан Мбаппе келісімге келді, оған сәйкес ол алдағы бес маусымда клубтың мүшесі болады, – деп жазды испаниялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Мбаппе бұған дейін ПСЖ сапында ойнаған. Ол париждіктер сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде 25 жастағы француз клуб сапында 308 матч өткізіп, 256 гол соғып, 108 нәтижелі пас берді. Ол ПСЖ құрамында жүріп, алты рет Франция чемпионатын, төрт рет ел кубогын, үш рет Франция суперкубогын және екі рет Франция лигасының кубогын жеңіп алды.

Биылғы маусымда Килиан 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, он нәтижелі пас берді. Ол Еуропадағы маусымның үздік футболшысы деп танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: