Дүйсенбі, 28 қазан, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
85-2095
25.10.2024
PDF мұрағаты

Pinduoduo сайтынан тауар алдыртамын деп адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

13.06.2024

477 0

Сурет:polisia.kz

Pinduoduo сайтынан тауар алдыртамын деп 4 адамды алдаған ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram қосымшасында түрлі тауарларды сату және жеткізу бойынша «turkey_pinduoduo» деген атпен парақша ашып, бірнеше азаматты алдаған. Оның айла-амалдарына үй тауарларын тиімді бағамен сатып алғысы келген 4 қазақстандық тап болды.

Мысалы шаңсорғыш сатып алғысы келген Өскемен қаласының тұрғыны күдіктімен хат алмасып, оған 70 мың теңге аударған. Алайда тауарды ала алмаған. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: