Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Аптап ыстық болады: Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24.08.2022

812 0

25 тамызда елдің жеті облысында күн күркіреп, аптап ыстық және қатты жел соғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Күндіз 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Петропавл қаласында күндіз 25 тамызда найзағай ойнайды.

Күндіз 25 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қауіпі бар.

Күндіз 25 тамызда Атырау облысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

25 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

25 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттағы жел соғады. Қонаев қаласында 25 тамызда екпіні 15-20 м/с солтүстік-шығыс бағыттан жел еседі.

25 тамызда Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 25 тамызда төтенше өрт қаупі бар.

25-27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: