Сенбі, 04 мамыр, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу бағасы қымбаттайды

15.01.2024

325 0

Сурет: stan.kz

Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алу 200 мың теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінде дарынды оқушыларды оқытуды қаржыландыруға арналған «Өркен» білім грантының мөлшерін өзгертуді жоспарлап отыр.

Осылайша, грант сомасы жатақханада тұруды есепке алмағанда 2 150 208 теңгеден 2 349 191 теңгеге, жатақханада тұрумен 3 036 859 теңгеден 3 247 305 теңгеге дейін өседі.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» атауын өзгерту туралы шешімді эмоциямен қабылдау дұрыс емес екенін айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: