Бейсенбі, 04 шiлде, 04:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ-дан 140 балл алған мектеп түлегіне көлік табысталды

04.07.2024

86 0

Сурет:almaty.tv

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, сұрақтарға еш мүдірмей жауап берген түлекке күні кеше су жаңа көліктің кілті табысталды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғыны Жаннұр Еңсебек бұл нәтижеге жету үшін екі жыл тынбай еңбек еткен. Қайсарлығының нәтижесінде талапкер бүгінде 18 миллиондық көліктің иесі атанып отыр.

10-сыныптан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, мүмкін болған 140 балды жинай алған Жаннұр Еңсебек «Алған әсерімді, ішімдегіні сөзбен жеткізу мүмкін емес» дейді.

«Мен өте қуаныштымын. Келесі жылғы түлектерге сәттілік тілеймін. Осындай балл алу барлығының қолынан келеді деп ойлаймын», – деді мектеп түлегі Жаннұр Еңсебек.

Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің түлегі қаңтардағы ҰБТ-дан 121 балл алып, наурызда көрсеткішті 137-ге жеткізіпті. Кейін 140 балды қанжығаға байлаған. Ал тарихи сәтке Жаннұрдың жақындарымен қатар, ұстаздары және достары да куә болды. Олар көлікке қажетті заттарды, атап айтсақ, 250 литрлік жанар-жағармай қоры мен 25 рет көлік жуу қызметі тегін ұсынылатын сертификатты табыстап, ақжарма тілектерін жеткізді.

«Алдағы жылы бірнеше оқушы 140 балл жинайтындай дайындаймыз. Биыл бір ғана түлек осындай нәтижеге ие болды», – деді оқу орталығының басшысы Жұлдызай Мұсаева.

Сондай-ақ Жаннұр Абзалұлының ата-анасына 1 миллион теңге сыйақы табысталды. Жас түлектің анасы Жанар Әубәкірова барша қазақстандыққа алғысын айтты.

«Білім алатын мектепке бәрі байланысты. Әсіресе мұғалімдеріне. Бала бастауыш сыныптан бастап білім нәрін дұрыс алуы қажет. Міне, сол кезде алған білімі бүгін ақталып жатыр», – деді Жаннұр Еңсебектің анасы Жанар Әубәкірова.

Жаннұрмен қатар ҰБТ-ға дайындайтын орталықты биыл 42 мыңға жуық оқушы аяқтапты. Көпшілігі жоғары нәтижеге ие болған екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: