Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Аралдағы балық шабақтары оттегі жетіспеуінен қырылуы мүмкін

21.02.2022

870 0

Арал ауданында балық шабақтары қырылып жатыр. Оған себеп балықтарға оттегі жетіспеуі мүмкін. Оқиға Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын Сағымбай каналында тіркелген.

Құзырлы органдар оқиға орнына барып, мәселінің мән-жайын зерттеп жатыр. Экология департаментінің қызметкерлері су сынамасын сараптама жүргізу үшін алған. Каналдың жалпы ұзындығы 1,2 км жуық, ені 16 м құрайды.

«Ғылыми ұйымның алдын ала тұжырымдамасына сәйкес судағы оттегінің аздығы балықтар тіршілігі үшін қолайсыз. Сағымбай каналында барлығы 975,2  келі балық шабақтары қырылған. Оның ең кішісі – 405 см, ең үлкені – 10 см екені анықталды. Сараптама нәтижесін күтпей оқиға орнында тиісті шаралар атқарылды. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен мұз ойылып, қолдан оттегі беріліп жатыр», – дейді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инпекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Аяғановтың айтуынша Сағымбай каналында 22 мұз ойықтары ойылып, шұңқырлар бұрғыланып жатыр. Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкерлері оқиға орнына барып, тиісті жұмыстарын атқарған. Сонымен қатар, белгіленген аумақтарда балық шабақтарының қырылуының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: