Сейсенбі, 16 шiлде, 08:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Министр сапары:Сыр медицинасында серпін бар

16.07.2024

89 0

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен  келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев  облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге өңірдегі бірқатар денсаулық нысанды аралады.

Ең алды­мен  сол жаға­лау­дағы «Қан ор­талығына» барды.

Айта кетейік, орта­лықтың іргетасы өткен жылдың тамыз айында қа­ланған еді. Мұнда жылына 5000-10000 адамға қызмет көрсетіледі. Денсаулық сақтау саласындағы өзін­дік орны бар орталық жақын күн­дері пайдалануға берілмек. Сон­дықтан жос­парланған жұ­мыс уақытылы, әрі сапалы ат­қарылуы тиіс.

Мұнан соң көпбейінді аурухана құрылысымен та­нысты. Аурухана 2025 жыл­дың соңында ел игілігіне табысталмақ.

Биыл аймақ медицинасына 140 млрд теңге бағытталғаны салада жаңа, ауқымды жоба­ларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беруде. Соның дәлелі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Ауылдық ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы біздің өңірде қарқын алды. Ұлттық жоба аясында 11 млрд теңгеге 27 нысан салынуда. Өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 ме­ди­ци­налық бекет ашылды. Бүгінде барлығы ел игілігі үшін қыз­мет етуде. Қалған 11 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен қалаға қарасты Досан елді мекенінде жаңа медициналық бекет, Баймұрат батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы  жүруде.

Сонымен қатар Жаңақорған ауданы «Төменарық» ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік ауылдық аурухана салынуда. 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылмақ.

Жақын күндері Жаңақорған ауданындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана базасында, жыл соңына дейін Арал ауданында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылады. Аймақтың медицина саласын дамытуға бюджеттен тыс ресурстарды тарту қолға алынған. «Қазақстан халқына» қорымен тұрақты әріптестік бай­ланыс орнатылып, соңғы екі жылда бөлінген 2 млрд теңгеден астам қаржыға облыстық балалар ауруханасы база­сында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылды. 

Қор облыстық онкология орталығына еліміздегі 3 өңір­де ғана бар  1 млрд 100 млн теңгенің жылжымалы медициналық кешенін сыйға тартты.

Мамандардың біліктілігін арттыру да назардан тыс қалған емес. Биыл 10 реаниматолог, 5 кар­диолог Түркиядағы жетекші клиниканың бірі – «Мемориалда» білім жетілдірді. Облыстық меди­циналық жедел жәрдем стансасы 100 пайыз автокөлікпен қамтамасыз етілсе, өткен жылы басқа да медицина мекемелеріне 25 санитарлық автокөлік табысталды. Биыл 200 автокөлік алынбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: