Сенбі, 07 желтоқсан, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Теннис орталығының құрылысы басталды

23.03.2024

680 0

Қызылорда қаласының сол жағалауында үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, игі тілегін білдірді.

– Биыл Ұлыстың ұлы күні Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілуде. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – қайырымдылықты, адалдық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталған. Елдік пен ынтымаққа шақыратын мерекеге Сыр өңірі баянды бастамалар, жақсы жетістіктермен жетті. Наурызнама онкүндігінде 20 наурыз – Ұлттық спорт күні болып белгіленген. Осы атаулы күнге орай құны  2,7 млрд теңге болатын үстел теннисі орталығының іргетасы қалануда. Облыста бұқаралық спортпен шұғылданатындардың үлесі 39 пайызға, яғни, 328 597 адамға жетті. 

Халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға ынталандыру үшін талапқа сай спорт нысандары қолжетімді болуы керек. Аудандарда 11 денешынықтыру кешені салынды. Облыс орта­лы­ғында халықаралық стандарттарға сай келетін орталық ста­дион және жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауық­тыру кешені ел игілігіне табысталады. Осы спорт ны­сан­­­дарында еліміздің көк байрағын әлемдік жарыстарда жел­бі­­ре­тетін чемпиондарымыз тәрбиелене берсін, – деді облыс әкімі.

Үстел теннисі орталығы құрылысының бас мердігері – «СК Дәнекер», бас жобалаушысы – «Шынар Проект және Компания», техникалық қадағалаушы – «Нұрәлем Құрылыс» ЖШС. Орталық 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жиында спорт саласының ардагері Жақсыбек Егізбаев Сыр спортының  жетістіктері мен жеңістері көп болуына тілектестігін білдірді.

А.НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: