Сейсенбі, 23 шiлде, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Әйелін тұншықтырып өлтірген полицейдің үкімі өзгерді

23.07.2024

108 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қостанай облысында әйелін тұншықтырып өлтірген полицейдің үкімі өзгеріссіз қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Сот бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкімді өзгертті.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚК-нің 99-бабынын 1-бөлігі бойынша (қасақана кісі өлтіру) полиция басқармасының бұрынғы патрульдік полиция батальонының полиция инспекторіне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің және сотталған Т. адвокатының апелляциялық шағымдары қарады.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Т. өзінің жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Т. жұбайымен болған жанжал барысында, ол оны ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтірген. Әрі қарай, жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол мәйітті гаражға апарып, сол жерде асылып өзін-өзі өлтірді деген сотпен анықталған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өлімі мойынның қысылуына байланысты механикалық асфиксия салдарынан болған.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың Т-нің әйелін өлтіруге кінәлі деген қорытындыларымен келісіп, бірақ тағайындалған жаза бөлігінде сот үкімін өзгерткен.

Сотталғанның Т-ның жеке басын оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, ескере отырып Т-ның жазасын 9 жылдан 11 жылға дейін көбейді. Осылайша жәбірленушінің апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: