Жұма, 26 сәуiр, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«URKER – 2021» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

25.06.2021

1208 0

24 маусым күні Нұр-сұлтанда кәсіби мереке қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистикасаласындағы«URKER – 2021»ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде 11 номинация бойынша журналистика саласындағы беделді сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығынаарналғанүздікматериалМолдашеваРыиза, «Семейтаңы» газеті;

Жылдың үздік фотосуретіМақсат Шағырбаев, Newsroom.kz;

Жылдың үздік репортажыАнуар Абдрахманов, BaigeNews.kz АА;

Жылдың үздік аналитикалық материалы – Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы;

Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Қыдырбек Рысбек, «Aiqyn» газеті;

Жылдың үздік сұхбаты – Тамара Вааль, Vlast.kz порталы;

Жылдың үздік танымдық материалы – Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz;

Радиостанциядағы үздік жоба – «Новое утро» жобасы, «NS» радиосы;

Жылдың үздік жаңалықтар порталы – inform.kz, «Казинформ»ХАА» АҚ;

Жылдың үздік газеті – «TÚRKISTAN»;

Жылдың үздік журналы – «Forbes Kazakhstan»;

Радионың 100 жылдығына орай тағайындалғанарнайы жүлденің иегері«Қазақрадиосы»атанды.

Финалистерге Ұлттық бәйге жеңімпазы атағында куәлік, «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлық табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін сыйлықтың urker-awards.kz ресми сайтында тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды.

2021 жылы ұйымдастырушылардың мекенжайына республикалық және өңірлік радиостанциялардан, баспа және интернет-басылымдардан 340 өтінім келіп түсті.2017 жылдан бастап барлығы 2 833 жұмыс Сыйлыққа ұсынылды, оның 248-і шорт-параққа енді. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 67 үздік өкілі «URKER» естелік мүсіншесінің иегері атанды.

Қазақстандық«URKER» Ұлттық сыйлығы,баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканың дамуына қосқан үлестерін тану мақсатында 2017 жылы құрылған.

Сыйлықтың ұйымдастырушыларыҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» БКболып табылады.Іс – шараның демеушілері –«Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: