Бейсенбі, 28 наурыз, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

28.09.2022

474 0

Қызылорда қалалық ПБ патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында 27 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында  Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында жол қауіпсіздік ережесін бұзған «Opel Vectra» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 37 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны жәнеоның сот шешімімен 2022 жылдың маусым айында жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысымен ол масаң күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ң 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: