Сәрсенбі, 24 шiлде, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Ер адам балаларды лифтте аяусыз ұрып, тепкен

24.07.2024

151 0

Сурет: видео скрин

Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, шімірікпестен 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеп жатыр”, – делінген желідегі жазбада.

Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деді полиция департаменті Tenginews.kz-ке берген жауабында.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: