Сенбі, 27 сәуiр, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Медбикені белгісіз ер адам пышақтап өлтірді

07.08.2023

338 0

Алматы облысының Қарасай ауданында медбикені белгісіз азамат жұмыс орнында пышақтап кеткен. 45 жастағы қызметкер оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы  Polisia.kz порталы хабарлайды.

Оқиға 7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасында орын алған. Медбике кеуде қуысының  жарақатымен ауруханаға түскен. Кейін ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

“Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында  сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- делінген полиция хабарламасында.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалғанын атап өткен жөн. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан орын алған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: